Жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынбақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанға тауық жұмыртқасын автокөліктермен әкелуге 6 айға тыйым салынады6 деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ауыл шаруашылығы министрінің аталған бұйрығы 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

— Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген бұйрық мәтінінде.

Ашық НҚА-ға жарияланған бұйрық биыл 1 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын бекітуді ұсынған еді.

Ведомство жұмыртқа бағасын бекітуді Құс өсірушілер одағы және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер ассоциациясы, сондай-ақ құс фабрикаларының басшыларымен бірлесіп талқылаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz