Мәдениет үйінде қайырымдылық концерті өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қалалық Мәдениет үйінде ауыр дертке шалдыққан Әйгерім Мұстафина  есімді  қыз баланың еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шымылдығын «Теріскей» ансамблі ашқан игілікті іс-шарада есімдері өңірге белгілі өнерпаздар: Біржан Есжанов, Еркебұлан Қарыпов, Асхат-Виктория Галеевтар, Асхат-Динара Таушевтар өнер көрсетті.  «Тұмар» ансамблінің өкілдері мың бұрала биледі.

   — Әйгерімге арналған қайырымдылық кеш әр қалада ұйымдастырылып, өткізілді. Маған оның анасы Бекзат Байжұманова хабарласып, көмек сұраған соң өнерде жүрген әріптестерімнің басын қосуды жөн көрдім.  Көмекке мұқтаж жанды қолдап жатқан барша жанға алғыс айтамын, — деді кеш жүргізушісі Нариман Жолдасбеков.

Әйгерім – 11-сынып оқушысы. «Алтын белгіден» үміткер.  Бұған дейін  Алматы, Астана, Омбы қалаларындағы емханаларға барып, ақхалаттылардың көмегіне жүгінген. Алайда дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмапты.  Қажетті қаражат жиналса алдағы күндері  Түркияның Стамбұл қаласындағы клиникаға бармақ.

Қайырымдылық шарасына «Қызылжар» футбол клубы, «Қызылжар – Жауынгер» спорт клубы, «Құлагер» хоккей клубы және бірқатар жеке кәсіпкерлер қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz