Өткен аптада 9 адамды үсік шалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 45 адамды үсік шалса, оның 9-ы дәрігерлерге өткен аптада қаралған, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО-да қыс қайта қаһарына мініп, аяздың тұрғанына бір аптаға жуықтады. Ескерту берілгенімен, сақтанбай, үсікке ұрынып, дәрігерлердің көмегі қажет болған сырқаттар саны артқан. Мамандардың айтуынша, далада ұзақ жүру, ауа райына сай киінбеу, суықты елемеу, кейде тіпті спирттік ішімдіктердің әсері үсік шалуға әкеледі.

Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көшеде жарақат алушылар саны да азаймай отыр. Тәулігіне орта есеппен 50-60 адам медициналық көмекке жүгінеді.

— Негізінен аяқ-қолдарын сындырып түсіп жатыр. Жарақат бөлімінде оларға барлық тиісті ем-дом беріледі. Ал жалпы жыл басынан бері жедел медициналық жәрдем ауруханасына жарақат алған 1304 адам келіп, қаралған, — дейді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz