ҚР Парламенті Сенатында өткен Үкімет сағатында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі демографиялық жағдайды жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша баяндама жасап, өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Үкімет сағатында өңір басшысы СҚО-да тұрақты тұратын отбасыларға жаңа туған және бала күтімінің біржолғы жәрдемақысын және көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіру, ️еңбекпен қамтылған әрбір жұмыссызға 2 жыл бойы жұмыс берушілерге 30 АЕК субсидия төлеудің жаңа механизмін енгізу туралы ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов ️ерікті қоныс аудару шеңберінде экономикалық ұтқырлық сертификатын 1625 АЕК-ке дейін ұлғайту, облысішілік қоныстандыру аясында «Еңбек» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге көшуге құқығы бар тұлғалар санатын кеңейту, оларға экономикалық ұтқырлық куәліктерін беруді қамтамасыз ету, ️аймақтық бағдарламаны «Отбасы банкі» арқылы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қажеттігін айтты.
– Бұл шаралар солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындардың кірісін көбейтіп, демографиялық ахуалға оң әсерін тигізеді, — деп атап өтті СҚО әкімі.
Сондай-ақ облыс әкімі өңірді газдандыру мәселесіне тоқталды.