СҚО-дағы басқармалардың бірінде басшы болған Мақсат Баяхмет өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақсат Баяхмет 2021 жылдан бері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында басшы қызметін атқарған. Әзірге ол басқарған мемлекеттік органға жетекші тағайындалмаған. Жол құрылысы маусымы қарсаңында СҚО әкімі қойған тапсырмаларды кім орындайтыны белгісіз.
Естеріңізге салсақ, өткен аптада әкімдік отырысында жолдарды жөндеу мен салудың жоспары талқыланды. Ақпаратқа сүйенсек, биыл бұл мақсатқа 47,4 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде осы жылы 826 шақырым жол жөндеуден өтпек. Оның 188 шақырым республикалық, 570 шақырымы жергілікті және 67,9 шақырымы көшеішілік жолдар.