СҚО-да 87 елді мекенді су басуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста көктемгі су тасқыны болуы ықтимал 87 елді мекен анықталды. Бұл ауылдардағы 1729 үйде шамамен 5 мыңнан астам адам тұрады. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәлихатында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы жылдары өңірде су тасқынына төтеп беру мақсатында 175 елді мекенде алдын ала кешенді жұмыстар жүргізілді, шамамен 131 шақырымнан астам аумақта жер қопырылып көтерілді. 7 жарым шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері орнатылып, 5 гидротехникалық станция жөнделіп, автомобиль жолдарында 97 су өткізгіш құбырлар қойылды. Десе де апат айтып келмейді. Мұны «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин де алға тартып отыр.

– Бүгіндері табиғаттың тосын сыйына төтен беру үшін арнайы жедел әрекет ету штабы құрылды. Оның құрамына ТЖД, полиция департаменті, Ұлттық ұлан гвардиясы қызметкерлері кірді. Жалпы 472 маман мен 134 техника сақадай сай. Су тасқынын болдырмау мақсатында қызметкерлер 8 бағыт бойынша жіберіліп, тәулік бойы кезекшілікте болады, — дейді Шұғайып Ибатуллин.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, биыл су басуы ықтимал елді мекендерді анықтау мақсатында облыс әкімдігімен 130 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа аэровизуализациялық тексеріс өткізіліп, «ҚазАвиаСпас» АҚ-ның тікұшақтары жұмылдырылды.

– Облыстың Айыртау, Ғ.Мүсірепов атындағы және Уәлиханов аудандарында көктемге дейін өзендерді жару бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсатқа 11 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Сондай-ақ биыл 9 мың тонна инертті материал, 38 мың қап, 87 тонна жанар-жағармай дайындалды. Өңірде су тасқыны кезінде 242 эвакуациялық пункт жұмыс істемек, — деді «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz