Жедел уәкілдермен 11 қылмыскер ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер іздеуде жүрген 11 қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жылдың қазан айында Петропавлдағы көлік жөндеу шеберханаларының бірінің қызметкері белгісіз адамның шабуылына ұшыраған. Қаскүнем жәбірленушіні ұрып-соғып, одан 51 мың теңге қаражатты күштеп  алып кеткен.  Қалалық полиция басқармасы  екінші полиция бөлімінің қызметкерлері өңір аумағынан  шығып кеткен, осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотталған Рудный қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

– Қылмыскерлерді іздестіру — криминалдық полиция бөлімшелерінің маңызды міндеттерінің  бірі. Әрбір факті бойынша полицияның өзге қызметтерімен және аумақтық бөлімшелермен өзара байланыс орнатылады, – дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz