Кәмелетке толмаған қызды анасының достары зорлаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қылмыс жайында бүгін СҚО прокурорлары ведомствоаралық кеңесте айтты. Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген «достары» кейін оның қызын зорлаған. Прокурорлардың пікірінше, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.

— Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған, — дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Ал Жамбыл ауданында бір үйдің екі баласы екі жыл бойы мектепке мүлде бармаған. Әке-шешесі бірнеше рет ескертілгенімен, мәселе шешімін таппады. Сондықтан қазір оларға қатысты үстерінен іс қозғалып, ата-ана құқығынан айыру жазасы қолданылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz