Петропавл тұрғындары облыс орталығында демалып-серуендейтін орындар аз екенін алға тартуда. Бұл мәселеге қала әкімі Серік Мұхамедиев жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, биыл Петропавлда 30 жаңа саябақ салынады. Бүгіндері олардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, орындары да бекітілген.
– Жаңа шағын саябақтар кәсіпкерлердің қаражатына салынады. Бюджеттен бірде-бір теңге бөлінбейді. Әр жобаның құны 16 млн-нан 30 млн. теңгеге бағаланып отыр. Әзірге облыс орталығында 55 демалыс орны бар, — деді Серік Мұхамедиев.
Өткен жылы жылы үш саябақтың құрылысы аяқталды. Олардың жалпы аумағы 4,3 гектар жерді құрады.