Петропавл әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй қызметі» ЖШС қалада қоқысты шығару ісіне жұмылдырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
– Қала тұрғындарынан қоқысты уақытылы шығармаған коммуналдық қызмет кәсіпорындарына қатысты шағымдар жиі түседі. Өкініштісі, көбі өз міндеттерін толық орындамайды. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізу үшін өзгерістер енгізу қажет болды. Сондықтан қала әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымының базасында қоқысты шығару бойынша қосымша қызмет түрін ашу туралы шешім қабылданды, — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Бүгіндері «Тұрғын үй қызметі» серіктестігі қоқыс таситын бес көлік сатып алды. Техникада жұмыс істейтін жүргізушілер жұмысқа қабылданып, әрқайсысының жалақысы 300 теңгені құрамақ.