Полицейлер көмекке келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері көлік ішінде тоңып отырған ер адамдарға және балаға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ақпан 20-сы күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арман Оралов пен Дмитрий Кравченко «Астана – Петропавл» автожолының 378-шақырымында жол шетінде тұрған «Audi» автокөлігін байқап қалды. Теміртұлпардың ішінде қарт жүргізуші, оның досы және кәмелетке толмаған немересі отырды. Анықталғандай, жарты сағат бұрын көліктен ақау шыққан. -30 градус аязда көліктің салоны әп-сәтте суып кетті. Жол сақшылары оларды қызметтік көлікке отырғызып алып, жүрмей қалған көлікті Келлеровка ауылындағы жанар-жағармай құю станциясына сүйреп жеткізді. Аман-сау жеткен жолаушылар жылы жерде туыстарын күтті.

– Петропавл автожолының 930-шақырымында оның темір тұлпарынан ақау шыққан. Әйелі екеуі де полиция қызметкерлері Владимир Моисеев пен Арман Оразбай көріп, көліктерін облыс орталығына сүйреп әкелді. Батальон қызметкерлері қала сыртындағы жолдарда тәртіпті қадағалап қана қоймай, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Азаматтардың алғысы – біздің жұмысымызға берген бағасы. Аяз кезінде жүргізушілерден мұқият болуларын сұраймыз. Ауа райы әбден жақсармайынша алыс жолға шықпаған жөн. Көлік құралдарының техникалық жағдайы мен төтенше жағдай қызметінің ауа райы бұзылған кезде жіберетін хабарламаларын бақылап отыру қажет, – дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Уәлихан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz