171
Айыртау ауданына қарасты Новоукраинка ауылында түнгі сағат 01:25-те жеке тұрғын үй өртке оранды. Қызыл жалын салдарынан 1951 жылы туған әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тілсіз жау үйдің 96 шаршы метр аумағын шарпыды. Өртсөндірушілер қызыл жалынды үш сағаттың ішінде ауыздықтады.
– Өртті сөндіруге 6 маман мен 2 техника жұмылдырылды. Қызыл жалынның шығу себептері анықталуда, – деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.