Түркия үкіметі Қазақстанға көңіл айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Түркияның Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, онда Абай облысындағы орман өртінен адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Маусымның 12-не қараған түні Түркияның Сыртқы істер министрлігі хабарлама таратты, онда Анкара Абай ауданында орын алған өртте адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстанға көңіл айтады, деп жазады Anadolu.

— Абай облысында болған өрт салдарынан 14 орманшының қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдадық, дос және бауырлас Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз, — дейді Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Семей орманы» қорығында 8 маусымда өрт шықты. Өрт бірте-бірте орман аумағын басып, елді мекендерге қауіп төндіре бастады. 11 маусымда өрт аумағы шамамен 60 000 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 14 орманшы із-түссіз жоғалып кетті, кейін олардың денелері табылды.

Президент Тоқаев бұған дейін Юрий Ильинді Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатып, қайғылы оқиғаға байланысты ведомстволардың әрекетін сынаған болатын. 11 маусымда оқиға орнына келген Тоқаев қаза болғандардың отбасымен кездесіп, көңіл айтты.

«Семей орманы» қорығындағы өртті сөндіру кезінде 14 адамның қаза болуына байланысты 12 маусым Қазақстанда қаралы күн деп жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz