СҚО-дағы түзеу мекемелеріне 2 мыңнан астам бейнекамера орнатылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде 2074 бірлік үздіксіз бейнебақылау камерасы орнатылған. 2023 жылы бейнебақылау камералары арқылы 4043 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

4043 құқық бұзушылықтың 4023-і – сотталғандардың ұстау режімін бұзу фактілері (оқшаулауды, киім нысанын, жазаны өтеу тәртібін бұзу, қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбау), бір тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелуге әрекет жасау фактісі, бейнекамера линзаларын қасақана істен шығарудың 4 фактісі және жабудың 15 фактісі тіркелген.

Жыл басталғалы сотталғандардың ұстау режімін бұзуға қатысты 856 факті тіркелді. Мекемелердің кіру топтарында сотталғандардың және мекемелердің қызметкерлерінің тұлғаларын, автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тани алатын бейнебақылау камералары бар. Сондай-ақ мекемелердің барлық периметрі бойынша негізгі қоршау арқылы басып кірген немесе қашқан жағдайда бейнебақылау бекетінің операторына дабыл сигналын беретін бейнекамералар орнатылған. Барлық бейнебақылау камераларында линзаның қабаттасуын талдау және “желіден тыс” жүйе енгізілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz