Ер ерлігі ел есінде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2010 жылы Ақтаудағы колониядан тұтқындардың қашып кетуі кезінде әскери борышын орындап, көрсеткен ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған Ербол Отарбаев СҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемесінің жас қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Естеріңізге салсақ, 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні Маңғыстау облысындағы колониядан тұтқындардың қашуы Қазақстанның қазіргі тарихындағы ең ірі оқиғалардың бірі болып саналады. Ақтау қаласында мерзімді қызметін өткеріп жүрген Ербол Отарбаев оқиға кезінде 19 жаста еді, жас екеніне қарамастан батылдық танытып, 21 қарулы тұтқынға қарсы тұра алды.

СҚО ҚАЖД қызметкерлерімен кездескен Ербол Отарбаев Маңғыстау облысында орын алған оқиға жайлы естеліктерімен бөлісті.

– Мен бекетте болған кезде трансформатор сынып, колонияның бүкіл периметрі бойынша шамдар сөніп қалды. Кенеттен сотталғандардың маған қарай жүгіріп келе жатқанын көрдім. Күтпеген жерден олар ата бастады. Оқтардың бірі маған да тиді. Салдарынан сол қолымның сүйегі, бір қабырғам сынды, өкпемнің 25 пайызы жоқ. Бір оқпен 13 жыл бойы өмір сүріп келе жатырмын. Оқиға болған кезде басымда бір ғана ой болды – оларды тоқтату. Ұзақ ойланып тұруға уақыт болмады. Мен әрбір бейбіт тұрғынның өміріне жауап беретінімді түсіндім. Бұл менің Отан алдындағы борышым. Бұл оқиға қазақстандық «Алтыншы бекет» фильмінің сюжетінің негізі болды, – деп естелігімен бөлісті Ербол Отарбаев.

Қазіргі уақытта Ербол Отарбаев капитан шенін алған. Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультетінің бірінші курсының тыңдаушысы. Зайыбы екеуі үш бала тәрбиелеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz