Астанада «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық тарихи-өлкетану музейі  «Қазақстан жолы» жобасы аясында Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесін   ашты. Көрменің мақсаты  –  еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі –  «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші мен қазақстандық, шетелдік суретшілердің шығармашылығын насихаттау, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен ат спорты мәдениетін сыйлағаны белгілі.  Алғаш рет адамның жылқыны қолға үйретуі дәл Қазақстан аумағында орын алды. Бұған «Ботай» қонысының қазбалары дәлел бола алады. «Ботай қонысы» бірегей археологиялық ескерткіші республикамыздың бренді болып табылады.  Осы орайда жерлесіміз, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор  Зайберттің еңбегі орасан зор екенін айта кеткен жөн

    –2019 және 2023 жылдардағы Халықаралық суретшілер симпозиумында Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан суретшілерін Ботай мәдениетінің рухы шабыттандырғаны мәлім. Сол суретшілердің туындылары аталмыш көрмеге қойылды. Сонымен қатар көрмеде фото және видео материалдарды, құрал-саймандар, керамика, рухани мақсаттағы заттар, қос тұрғын үйдің макетін тамашалауға болады, – дейді облыстық музей бірлестігінің директоры Гүлнәр Мұқышева.

Бұған дейін аталмыш көрме «Ботай» мемлекеттік музей-қорығында, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде, Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласындағы «Усматбой» сурет галереясында, Қазақ мәдениеті күндерін мерекелеу аясында Ресей Федерациясының Тюмень қаласында да болған-ды. Елордадағы кезекті  көрмені жұртшылық 11 наурызға дейін тамашалай алады. Астананың тұрғындары мен қонақтарының назарына 48 шығармашылық және пленэрлік жұмыстар ұсынылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz