Полиция мұражайында милицияда қызмет еткен даңқты ардагерге экспозиция ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Ахмет Тұмарбековтың балалары облыстық полиция департаменті жанындағы мұражайға құнды жәдігерлерді сыйға тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ахмет Тұмарбеков осыдан 100 жыл бұрын 1923 жылдың 10 қазанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далбинск ауылында туған. Ол Петропавлда мектепті тамамдап, 17 жасынан ішкі істер органдарында еңбек жолын бастаған. 18 жасқа толғаннан кейін әскер қатарына шақырылды. Солтүстік-Батыс, Дала, Орталық, Воронеж және 1-ші Украин майдандарында, Курск доғасында болған шайқастарға қатысқан.

1948 жылы Қазақстанға оралып, ішкі істер органдарындағы қызметін жалғастырады. Тергеуші болған, кадр жұмысымен айналысқан. 1961 жылы ол ішкі істер министрінің орынбасары, сонымен бірге ҚазақКСР милиция басқармасының бастығы болып тағайындалады. Бұл лауазымда ол 21 жыл қызмет етеді. Жалпы еңбек өтілі 43 жылды құрайды.

Ахмет Тұмарбеков мінсіз және адал қызметі үшін он орденмен, медальдармен, ведомстволық наградалармен марапатталған. Солардың бірі – Еңбек Қызыл Ту ордені. 1956 жылы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған. Қазақ кеңестік социалистік республикасы Жоғарғы кеңесінің екі мәрте депутаты болған. Өзі және басқа авторлармен бірге бірнеше кітап жазған.

СҚО ПД мұражайының меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, бұл экспозиция Қазақстан полициясы күніне орай ашылып отыр. Республикамыздың ішкі істер органдарында қызмет атқарған даңқты генералдың еңбек жолы тәуелсіз Қазақстан полициясының жас қызметкерлері үшін үлгі болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz