Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының төртінші туры барысында плей-офф сатысына жолдама алғандар анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Осыған дейін жеті команда өз міндетін шешіп қойған еді.
Соңғы, сегізінші жолдамаға «Алтай» (Өскемен) мен «Айқаракөз» (Талдықорған) клубтары таласты.
Негізінен жастардан құралған «Алтай» талдықорғандықтарды 3:1 (25:18, 23:25, 25:18, 25:22) есебімен ұтып, 10 ұпаймен 8-сатыға орнықты.
Көш соңында қалған «Айқаракөздің» есебінде 5-ақ қана ұпай бар.
«Ертісті» 3:0 (25:18, 25:19, 25:16) есебімен жеңген «Қуаныш» (СҚО) турнир кестесінде 60 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді.
«Қарағандыны» 3:0 (25:14, 25:17, 25:12) есебімен қапы қалдырған «Берел» (Өскемен) 53 ұпаймен екінші орында.
«Алматыны» 3:0 (25:13, 25:14, 25:13) есебімен ойсырата ұтқан «Тұран» (Түркістан) 52 ұпаймен үздік үштікте.
Бүгін соңғы ойындарда плей-офф кезеңіне шыққан командалардың кімдермен кездесетіні толық белгілі болады.