Астанада гір көтеруден ел чемпионаты өтті. Жарыста облыс намысын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері абыройлы қорғап қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жастар санатында 63 килограмм салмақта жерлесіміз Илья Ротов қатысып, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Осылайша ол Қытайда өтетін Азия чемпионаты мен Грекиядағы әлемдік додаға жолдама ұтып алды.
Қыздар арасында гір тасын 44 рет көтерген Валентина Беседина ел біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді. Солтүстікқазақстандық ару 63 килограмға дейінгі спортшылар санатында өнер көрсетті.