2025 жылы Петропавлдағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында жүк көтергіштер мен қосалқы заттарын шығаратын зауыт ашылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс үшін тың өндірісті «Kazkran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алады. Өнім отандық шикізаттың 60 пайызынан құрастырылатын болады.
– Жаңа зауытты 2025 жылдың екінші тоқсанында ашу жоспарланған. Өндірістің толық циклі ұйымдастырылып, металды кесу, бөлшектерді өңдеу, жүк көтергіштердің басқару механизмдерін құрастыру сынды жұмыстармен айналысамыз. Сондай-ақ қызмет көрсету және монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін инженерлік-техникалық орталық іске қосылады, — дейді «Kazkran» ЖШС бас директоры Константин Каргер.
Жаңа зауыт іске қосылса 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.