Майлы және дәнді дақылдардың тұқымы сараптамадан өткізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде көктемгі егіс науқанының қарсаңында майлы және дәнді дақылдар тұқымы тексеріліп жатыр. Бұл жұмыспен «Қазагрэкс» АҚ айналысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазагрэкс» АҚ-ның сараптама орталығы облыстың 12 ауданында жұмыс істейді. Ұйымда 27 маман бар. Зертханада дән өнгіштік, ақуыз және май құрамы сияқты бірнеше көрсеткіш бойынша тексеріледі.

Өткен жылы мамандар егіннің 230 мың тоннасын тексеріп үлгерген. Оның 168 мыңы тегін сараптамадан өтті. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан 166 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

– Сараптамадан өткен тұқымның көбісі – 1-ші, 2-ші класс. Сосын классқа жатпайтындары да бар, — дейді «Қазагрэкс» АҚ СҚФ директорының міндетін атқарушы.

Мамандардың сөзінше, бидай дәнінің ылғалдылығы 14%-дан аспауы керек. Сапасы белгілі стандарт талаптарына сәйкес келмесе, тұқымды себуге рұқсат етілмейді. Егер нәтиже оң болса, зертхана мамандары сапа сертификатын береді. Жалпы өңірде биыл 4,3 млн гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар егу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz