Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 23 ақпандағы бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Берік Ақынбеков Жамбыл ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Берік Әмзеұлы Ақынбеков еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейін Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша соттарда мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының қылмыстық қудалау және мемлекеттік айыптаушылар бөлімдерінің бастығы болып қызметке еткен.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының ақпараттық-аналитикалық жұмыс бөлімінің (аналитикалық орталық) аға прокуроры болып қызмет атқарды.
2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің Алматы облысы бойынша азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы лауазымында болған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 11 жыл.