Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Уәлиханов ауданының әкімі болып Мұрат Абдулов тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов Уәлиханов ауданының әкімі болып тағайындалды.

Еңбек жолы:

1994-1995 жылдары Уәлиханов ауданының еңбек және тұрғындарды әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімі зейнетақы қорының инспекторы;

1996 жылы «Казсельхозтехника» АҚ программисті;

1996-1997 жылдары «Казсельхозтехника» АҚ бас есепшісі, кейін сауда бөлімінің басшысы;

1997-1999 жылдары «Бизнес центр-Кокше» ЖШС директоры;

1999-2003 жылдары «Жан-97» ЖШС қаржы директоры;

2003-2004 жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының басшысы;

2004-2006 жылдары «Сарбасов» ЖК экономисті,

2006-2008 жылдары Ақжар аудандық пошта байланысы торабының басшысы;

2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2009-2016 жылдары «Абдулов» ЖК басшысы;

2016-2021 жылдары Уәлиханов аудандық пошта байланысы торабының басшысы;

Осы қызметке дейін Мұрат Абдулов Уәлиханов ауданы мәслихатының төрағасы болып еңбек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz