Консультативтік-кеңесші органның басты міндеті — қоғамдық тәртіпті нығайту

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Айқындылық, ашықтық және тиімділік. Облыстық полиция департаментінде жұмыстың осы тұстарын нығайтуға көп жылдар бойы консультативтік-кеңесші органның мүшелері атсалысып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция департаменті жанындағы органның кезекті отырысында былтыр бірлесіп атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Сондай-ақ қоғам белсенділері полиция жұмысына қатысты пікірлерімен бөлісіп, қала тұрғындары арасындағы өзекті мәселелерді айтты.

Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов жиынға қатысушыларды өткен жылы ойын-сауық орындарында қылмыстарды болдырмау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нашақорлықтың алдын алуға бюджет қаражатын бөлу бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Биылғы жылға қарастырылған мәселелер айқындалды, жоспардың жобасы бекітілді. Отырыста қаралған екінші мәселесі  көші-қон қызметінің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы болды. Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Әбілов мемлекеттік қызмет көрсету аталмыш бөліністің жұмысындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

-Көші-қон полицейлері мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 2023 жылдың 12 айында барлығы 126 665 қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта барлық қызметтер электрондық форматта көрсетіледі,  яғни азаматтар ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді эксаумақтылық қағидаты арқылы ХҚКО-ға жүгіну арқылы алуға да болады; азаматтар тұрғылықты мекенжайларына қарамастан кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады, — дейді Талғат Әбілов.

Отырыс барысында ККО мүшесі Павел Афанасьев Ульянов көшесіндегі танымал дәмхананың біріне көршілес тұрған үйлердің тұрғындарының базынасын жеткізді. Қоғам өкілінің айтуынша, бұл көңіл көтеру орны адамдардың мазасын алып, тыныштығын бұзатын көрінеді. Әрі түнде ойын-сауық мекемесінің жанында мас күйде қылмыс пен құқық бұзушылық жасау қаупі артады екен. Бұл  үй тұрғындарына үлкен қолайсыздықтар тудырады. Облыстық және қалалық полиция басшылығы бұл ақпаратты назарға алып, өз құзыреті шеңберінде барлық қажетті шараларды қабылдауға уәде берді.

Облыстық полиция департаментінің  бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов ККО мүшелеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдіріп, өңір  тұрғындарының барлық мәселелері мен талап-тілектері бойынша қажетті шаралар қабылдайтынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz