«Қуаныш» волейбол клубы үшін келесі сын — плей-офф

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. 4-ші турдың қорытындысы бойынша жерлестеріміз 1-ші орынға қол жеткізді, Алда келер сын — плей-офф ойындары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы күні орталық матчта Өскеменнің «Берелі» Түркістанның «Тұранын» 3:0 (25:17, 25:23, 25:22) есебімен жеңіп, қорытынды кестеде 56 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Түркістандықтар төртінші сатыда қалды.

«Қарағандыны» күткендегідей, 3:0 (26:24, 25:15, 25:21) есебімен қапы қалдырған «Қуаныш» (СҚО) 63 ұпаймен көш бастады.

«Жетісу» тағы бір талдықорғандық «Айқаракөз» клубын 3:0 (25:7, 25:17, 25:17) ұтып, 53 ұпаймен үздік үштікке ілікті.

Бесінші орындағы «Алматы» Өскеменнің «Алтайынан» 3:0 (25:15, 25:9, 25:11) есебімен басым түсті.

Осылайша «Айқаркөзден» басқа үздік сегіз команданың плей-офф кезеңінде өзара кімдермен кездесетіні белгілі болды.

Атап айтқанда, «Қуаныш» 8-орын алған «Алтаймен», «Берел» «Қарағандымен», «Жетісу» Павлодардың «Ертісімен», «Тұран» «Алматымен» күш сынасады.

Плей-офф бәсекелері Түркістан қаласында өтіп, чемпионаттың жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz