«Динамо» спартакиадасы басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында «Динамо» спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәстүрлі спартакиаданың шымылдығын шаңғы жарысы ашты. Қысқы спорт түрінен сайыс Петропавлдағы Борки кентінде өтті. Биылғы додаға құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген 10 ұжым қатысуға ниет білдірді.

Жарыс жолына алғашқы бірі болып әйелдер шықты. Бұрымды арасында полиция капитаны Лидия Логинова алға суырылып шығып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ерлерде  тәртіп сақшы Ілияс Жұманов жеңімпаз атанды. Командалық есепте ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментінің қызметкерлері жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орынды СҚО полиция департаментінің шаңғышылары иеленді. Үздік үштікті ҚР Ұлттық ұланы академиясының спортшылары түйіндеді.

Наурыздың 12-сі мен 13-і күндері «Динамо» спартакиадасы аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері волейболдан сынға түспек

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz