СҚО-да «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Петропавлда және барлық аудандарда «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтті. Бұл акция Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сағат 10:00-ден бастап Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, оның орынбасарлары, Петропавл қаласының әкімі, барлық атқарушы билік органдарының жетекшілері, сот және құқық қорғау ведомстволарының басшылары, қаржы институттары мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері тұрғындардың бұйымтайларына құлақ түрді. Ашық-диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды.

Статистикалық ақпаратқа сүйенсек, бірыңғай қабылдау күнінде 500-ден астам азамат өз мәселелерімен жүгінді. Басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және денсаулық саласына қатысты сұрақтарын жолдады.
Қызылжар ауданының тұрғыны Тоты Тұрысованың айтуынша, Тепличное ауылын сумен жабдықтау мәселесі шешілмей келеді. Облыс әкімі елді мекенде бұл сұрақты шешуге қаражат бөлініп, су тарату желілері жаңартылатынын жеткізді.

Ал конькимен жүгіруден жаттықтырушы Ольга Ихтендрис мұз сарайын салу қажеттігін алға тартты. Өңір басшысы бұл мәселені назарға алып, шешуді дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысына жүктеді.

– Облыста қысқы спорт түрлері жақсы дамып жатыр. Жерлестеріміз халықаралық аренада өңір намысын қорғауда. Әрине, конькимен жүгіруге арналған арнайы орын қажет. Ол үшін алаң қарастырып, үлкен кешен салу маңызды, — деді СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz