Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығының мұржасын бөлшектеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановский мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оның сөзінше, жұмыс кестеге cай жүріп жатыр. Бүгіндері түтін мұржасының 0,8 метрін бөлшектеу қалды.
– Наурыздың 10-ы мен 15-сі күндері мұржаны бөлшектеу жұмыстары толығымен аяқталады. Сәуірдің 1-нен бастап, жаңа мұржаны тұрғыза бастаймыз. Жылыту маусымына үш мұржа жұмыс істейді, — дейді Анатолий Казановский.
Белгілі болғандай, 2025 жылы «Севказэнерго» АҚ № 2 мұржаны да бөлшектеуді жоспарлап отыр. Осылайша
Петропавлда жылу екі мұржамен беріліп, барлық нормалық көрсеткіштер сақталады.