СҚО-да туберкулезге шалдыққандар қатары өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста туберкулезбен ауыру бір жылда 3,8 пайызға өсті. Облыстық фтизиопульмонология орталығының мәліметінше,  2022 жылы 17 жасқа дейінгі 10 балаға туберкулез диагнозы қойылса, былтыр 11 бала ауырған. Жалпы 216 адамда бұл дерт алғаш анықталып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Флюорографиялық тексеруден былтыр 336 мың адам өтті. 191 адамға туберкулез диагнозы қойылды. Бұдан бөлек емханаға 2783 адам туберкулезге күдікпен шағымданып, G-xpert әдісімен тексерудің нәтижесінде 257 адамда ауру расталды. Диаскин-тест тексеруден 9498 бала өтіп, оның ішінде 286-сында оң нәтиже болды, — дейді фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Раиса Құсайынова.

Петропавлда және облыстың 6 ауданында «Сенім-Солтүстік» үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді. Ұйым сырқаттарды анықтау және іздеу, құжаттарын қалпына келтіру және ауырған адамдарға психологиялық кеңес беру,  материалдық көмек көрсету, айыппұлдарды төлеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мәселен былтыр тұрмысы төмен отбасылардан 23 сырқат анықталып, емдеуден қашып жүрген 30 адам қайтарылған.

— Туберкулезбен ауыратын барлық сырқатқа әлеуметтік қолдау бар.      Петропавл бойынша мәслихат сессиясында туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылданды. 2023 жылы 438 сырқат жалпы 60 млн. теңге көмек алды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп сома, — дейді Раиса Құсайынова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz