Солтүстікқазақстандық актер «Театр барысы – 2024» турнирінде қола жүлдегер атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен актерлар арасында «Театр барысы – 2024» республикалық турнирі өтті. Жарыста өңір намысын қорғаған солтүстікқазақстандық әртіс Жанболат Қонысбек қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Актерлер арасында өткен сынға республикамыздың өңірлерінен 53 балуан қатысып, 5 салмақ дәрежесі мықтыны анықтады.

Турнирдің мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Солтүстікқазақстандық Жанболат Қонысбек жарыста С.Мұқанов атындағы облыстық сазды-драма театры атынан қатысып, үшінші орынды қанағат тұтты. Жерлесіміз 66 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұған қоса, актер «Көрермен көзайымы» аталымында жеңімпаз атанды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ сәйкесінше, 500 мың, 300 мың және 150 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz