Сенат трансшекаралық өзендерді халықаралық негізде пайдалану құжатын бекітті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Бұл Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1997 жылғы 21 мамырда қабылдап, 2014 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енді. Қазіргі кезде 37 мемлекет Конвенцияның қатысушысы. Қазақстанмен көршілес елдердің ішінде тек Өзбекстан Республикасы Конвенцияның мүшесі. Құжат трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын бүкіл әлемде тең құқықты әрі тұрақты басқаруға ықпал ететін жаһандық құқықтық механизм саналады. Конвенцияға қосылу — Қазақстанның трансшекаралық өзендерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде пайдалану және қорғау мәселесі бойынша көрші елдермен өзара іс-қимылдағы ұстанымын нығайтады, — деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Оның айтуынша, бұл конвенцияда халықаралық су ағындарын әділ әрі ақылға қонымды пайдалану қағидаттары айқындалған. Сонымен қатар, құжат трансшекаралық суды пайдаланудың неғұрлым өткір мемлекетаралық мәселелерін шешу үшін ортақ құқықтық алаң құруға мүмкіндік береді.

— Конвенцияға қосылудың негiзгi факторларының бiрi — Өзбекстанмен трансшекаралық өзен бассейндерiнде гидротехникалық құрылыстар салу жөнiнде жоспарланған iс-шараларды үйлестiру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы трансшекаралық су айдындарын бiрлесiп басқару мен пайдалану туралы Келiсiм жобасының нормаларын талқылау және келiсу, — деді депутат.

Конвенция тараптары мынадай міндеттемелерді қабылдады:

— басқа тараптарға айтарлықтай зиян келтірмеу;

— трансшекаралық өзендерді басқару бойынша ынтымақтастық жасау;

— су ағынының жай-күйі және суды пайдалану бойынша деректер мен ақпаратпен алмасу.

Аталған шаралар трансшекаралық су ағындары бойынша тиімді ынтымақтастықтың кепілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz