Тауардың бағасын негізсіз көтергендер жазаланады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыстық экономикалық тергеу департаменті 3 үлестес делдал арқылы өндірушіден тікелей сауда субъектілеріне макарон өнімдерін өткізуде шектен тыс делдалдық фактілерді анықтады. Бұл өнімнің негізгі құнының өсуіне әкеліп соқтырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өкілетті органдармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде негізсіз делдалдардың жолы кесілді. Бұл өндірушінің макарон өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасын 490 теңгеден 355 теңгеге дейін төмендетуге септігін тигізді.

– Супермаркеттер желісіндегі ұқсас алгоритм бойынша қарақұмық арнайы акция арқылы 2374 теңгеден 1710 теңгеге дейін арзандады. Үстіміздегі жылдың басынан бастап тауардың бағасын қымбаттатқан 7 кәсіпкерлік субъектісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204-4 бабы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген сауда үстемесінің мөлшерін арттыру үшін ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында облыстағы 4 супермаркет желісі және 3 көтерме сауда компаниясы бар, — дейді СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Мухаммед-хайр Багитжанов.

Оның сөзінше, нарық субъектілерінің монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру түріндегі бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін 20 000 АЕК-тен асатын монополиялық кіріс алған жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz