СҚО-да полицейлер медициналық көмек қажет еткен баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ақпанның 27-сі күні кешке таман СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арсен Домашенко мен Игорь Семин «Жезқазған – Петропавл» автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген. Осы жолдың 950-шақырымында «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі полицейлерге жақындап, көліктің дабылын қайта-қайта басып, көмек сұраған. «Темір тұлпарда» әйел мен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екі жасқа толмаған бала болды.
Тәртіп сақшылары балғын мен келіншекті қызметтік көлікке отырғызып, оларды Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.