СҚО-да Қаражыра көмірінің бағасы арзандады

Авторы: Qyzyljar News

Өңір тұрғындарының арасында сұранысқа ие — Қаражыра көмірінің бағасы бірден 1,5 мың теңгеге арзандады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, шілдеде Қаражыра көмірінің тоннасы 17 мың теңгеден сатылса, енді отынның бағасы 1,5 мың теңгеге арзандады.

Бүгінде көмірді Петропавлдағы Береке ықшам ауданы, Ленинград көшесі, 116 мекенжайындағы теміржол тұйығынан 15 500 теңгеден сатып алуға болады. Мұнда қатты отынның 700 тоннасы бар.

Ал Шұбаркөл көмірінің тоннасы — 14 800 теңге. Жұмысшы кенті, Панфилов көшесі, 276 мекенжайында орналасқан теміржол тұйығында бұл көмірдің 700 тоннасы жатыр. Мамандардың сөзіне қарағанда, күзде қара отынның бағасы қымбаттамақ. Жалпы СҚО-ға жылыту маусымына отыннан бөлек 410 мың тонна көмір қажет. Облыс бойынша көмір жеткізілетін 32 теміржол тұйығы бар. Тамыз- қыркүйек айларында тұрғындар үшін өңірге ай сайын 15 мың тоннадан жеткізіліп отырмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz