СҚО әкімі өрт сөндіру бөлімдерін аралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір басшысы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысу мақсатында өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерін аралады. Петропавл қаласында орналасқан №1, 2, 3, 4 және 5, сондай-ақ Қызылжар ауданының орталығындағы №13 өрт сөндіру бөліміне барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өрт сөндірушілердің техникалық жарақтандырылуымен, күнделікті еңбек және демалыс жағдайларымен, жеке құрамның спорттық дайындығымен танысты. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бекетін аралау барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қолданатын арнайы техника мен апаттық-құтқару құралдарының көрсетілімі өтті. Облыс әкімі құралдардың маңызды техникалық сипаттамаларын, олардың төтенше жағдайлар мен іздестіру-құтқару жұмысындағы, өрт сөндірудің қиын жағдайындағы тиімділігін атап өтті. Ал №1 өрт сөндіру бөлімшесінде өңір басшысы облыстың өрттен қорғау қызметінің тарихына арналған мұражайды аралады. Бұл жерде саланы дамыту мен көркейтудегі елеулі және есте қалатын оқиғалармен, өрт сөндірушілерінің ерлік істерімен танысуға болады.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі төтенше жағдайлар қызметінің маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерге күрделі міндет – қазақстандықтарды апаттардан қорғауда табысты еңбек етуге тілектестік білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz