Биыл Петропавлда үстел теннисі орталығы ашылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда үстел теннисі орталығы салынуда. Жаңа спортық нысан Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында орын теппек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спорт сарайының ауданы 3,6 мың шаршы метрді құрамақ. Бүгіндері ғимараттың металдан қаңқасы тұрғызылуда. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, орталықта тенниске арналған 24 үстел қойылып, спортшыларға арнайы тренажерлік зал қарастырылады.

Мердігер халықаралық деңгейдегі теннис үстелдерін және спортзалға арналған жабдықтарды жеткізуді жоспарлап отыр. Заманауи үстел теннисі орталығы биылғы жыл халық игілігіне беріледі.
Сондай-ақ облыс орталығында триатлонға арналған арнайы парк салу жоспарда бар. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болған соң, саябақтың құрылысы басталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz