Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны 84 мыңға жуықтады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Өткен жылдың эпидемиологиялық маусымында 42 569 адам сырқаттанған болатын. Биыл дертке шалдыққан науқастардың 54,5 мыңға жуығы немесе 65 пайызы — 14 жасқа дейінгі бала. Өткен жылғы 13 қарашадан бастап облыста тұмаумен ауыру жағдайлары тіркеле басталды. Осы аралықта өңірде барлығы 74 адам А (H3N2) типті тұмауды жұқтырған. Былтыр қауіпті дерттпен осы кезеңде 250-ден астам адам ауырған. Жалпы тұмаумен ауырғандардың ең көбі – Петропавлда (36 адам) тіркелді.
Жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі.