Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Құлымбетов қызметінен кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ержан Құлымбетов басқарма басшысы болып төрт ай қызмет етті. Белгілі болғандай, ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш білдіріп, лауазымын босатты.
Бұған дейін Ержан Құлымбетов 2023 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында Петропавл қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарған еді. Қарашадан бастап облыс әкімдігінде тиісті басқарманы басқарды.
Әзірге облыста үш басқарманың жетекшісі тағайындалмаған. Олар – денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары.