Ерлі-зайыптыларды соғып кеткен жүргізуші бас бостандығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жол бойында тұрған ерлі-зайыптылар қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға өткен жылдың жазында тіркелді. Жол бойында нәрестемен тұрған ерлі-зайыптыларды жүргізуші соғып кеткен. Салдарынан 38 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел адам сол жерде жан тапсырса, нәресте аман қалды. Бала орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізіліп, 2022 жылғы нәрестені тексеру кезінде жарақат табылған жоқ. Кейін полицейлер күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай, теміртұлпарды тізгіндеген адам апат орнынан қашып кетті. Істі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушы 39 жастағы Петропавл тұрғыны 345-баптың 4-бөлігінде (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) және ҚР ҚК 347-бабында (ЖКО орнын қалдыру) көзделген қылмыстар жасады деген айып тағылды.

Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, 2023 жылдың 5 тамызында Мағжан Жұмабаев ауданының Қарақоға және Надежка елді мекендері арасындағы автожолда сотталушы «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін басқарып келе жатып, сынған көліктің жанында тұрған ер мен әйелді үлкен жылдамдықпен қағып кетті.

– Жүріс бөлігінің оң жақ жолағымен жүріп келе жатып, ол апаттық габариттік шамдар қосылған жол жиегінде тұрған «Audi 80» автомашинасы түріндегі кедергінің болуына қарамастан, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті аралықты сақтамай, кедергіні қауіпсіз айналып өту шараларын қолданбады. Жәбірленушілерді қағып өтіп, көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер оқиға орнында қайтыс болды, бұл абайсызда екі адамның өліміне әкелді, — делінген сот үкімінде.

Сотталушы зардап шеккендерге көмек көрсетпей, апат орнын тастап, қашып кетті. Сот талқылауы барысында аудан прокуроры мен сотталушы арасында кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімі жасалды. Іс жүргізу келісімін жасасуға жәбірленушілер де келісім берді. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жаймен сот жас балалардың болуын, мүліктік залалдың ерікті түрде өтелуін, сондай-ақ моральдық және өзге де зиянды түзетуді, кінәсін мойындап, күдікті жасаған қылмысын мойындады.

– Сотталушыны кінәлі деп тану және қылмыстардың жиынтығы бойынша жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру және ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жазаны тағайындады, — деді судья Дастан Исмаилов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz