«Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесі Петропавлдан бастау алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«JORYO» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгені ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Екітараптық жүздесуде биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің республикалық іріктеу кезеңінің өтетін орны мен басталу күні белгілі болды.

Марафон-бәйгенің басталу нүктесі ретінде Петропавл қаласында орналасқан «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені таңдалды. Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлерін, Ботай мен Бозоқ сияқты ежелгі адамдар тұрақтарын басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.

Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық турына берілетін лицензияны иеленеді. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары өтуде, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.

Республикалық іріктеу кезеңіндегі ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізіледі.
«Ұлы Дала Жорығы» Қамбар ата түлігінің ең мықты тұқымы анықталатын далалық зертхана болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz