Заң жобасында негізгі үш бағыты бар. Алғашқысы, жария – құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен әкімшілік әділет аясына көшіру.
Екіншісі, мемлекеттік органдар арасындағы дауларға қатысты. Мәселен, егер бір мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органның шешімімен келіспесе, онда ол жоғары тұрған мемлекеттік органға әкімшілік шағыммен жүгінуге құқылы. Оның шешімімен де келіспеген жағдайда, ол Үкімет аппаратына жүгінуге құқылы болады деді Әділет министрі Азамат Есқараев.
Үшіншісі, Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзету. Депутаттар заң жобасына қатысты 10-нан астам ұсыныс жасады.
Енді жеке кәсіпкерлер өздеріне қажет 200 киловатқа дейінгі қуатты өздері өндіре алады. Заң жобасы осы кәсіпкерлердің кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге бағытталған.
Тұрғын үйлер де күн панельдерін орнату арқылы энергия өндіре алады. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Алдағы шығарылымдарда толықтырып айтамын.