Президент «Қызылжар-Сүт» фермасына барды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тауарлы-сүт фермасының бірінші кезеңі 2020 жылы іске қосылған. Өткен кәсіпорынға 366 миллион теңге инвестициялық субсидия бөлінген және Германиядан симментал және голштин асыл тұқымды ірі қара сатып әкелінген.

Ферма 60 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Президент агроөнеркәсіп кешені басшыларымен және жұмысшылармен әңгімелесті. Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығының дамуы тың қарқын алғанын атап өтті.

Президент Солтүстік Қазақстан өңірінде мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыруға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Біз мұндай өндірістік жобаларға міндетті түрде қолдау көрсетеміз. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жеңілдікпен кредит беру өз тиімділігін көрсетті. Яғни, қаржыландыру жағынан мәселе болмауға тиіс. Сүт өндірісін тиісті деңгейде ұйымдастыру керек. Бүкіл ел бойынша өз-өзімізді сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін деңгейге жетуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы адал еңбегімен елді көркейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ауыл еңбеккерлеріне алғыс айтты. Сондай-ақ Президент облыс басшылығына жаңа фермаларды іске қосу және қолданыстағы шаруашылықтардың өндірістік қуатын арттыру арқылы сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді.

Жыл сайын облыста 650 мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Бұл – республика бойынша өндірілетін сүт көлемінің 10 пайызы.

Соңғы бес жылда облыста 16,5 мың бас ірі қараға шақталған 30 сүт фермасы ашылды.  Биылдан бастап тағы да 17 тауарлы-сүт фермасын ашу үшін қосымша 54,9 млрд. теңге бөлінеді.

Өңірді кешенді дамыту бағдарламасы аясында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы құны 35 миллиард теңгеге 35 жоба қаржыландырылған.  Мемлекет қолдауымен 21 сүт фермасы және 2 құс фабрикасы ашылғанын атап өткен жөн.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz