Волейбол: «Қуаныш» клубы өскемендік «Алтай» командасын ұтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Түркістан қаласында волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекелері басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алаңға алғашқы болып «Жетісу» (Талдықорған) және «Ертіс» (Павлодар) командалары шықты.
Бұл ойында талдықорғандықтар 3:1 (25:23, 25:22, 20:25, 25:17) есебімен жеңіске жетіп, өздерінің фаворит екендігін дәлелдеді.

Сондай-ақ «Берел» (ШҚО) «Қарағанды» командасын 3:0 (25:13, 25:20, 25:9) есебімен оңай ұтты.
Талдықорғандықтар мен өскемендіктер келесі ойынында қарсыласын тізе бүктірсе, жартылай финалда өзара мықтыны анықтайды.

Чемпионатты қатарынан он жеңіспен аяқтаған «Қуаныштың» (СҚО) Өскеменнің «Алтайынан» басым түсетіні анық. Өткен жылы чемпион атанғанымен, көптеген белді ойыншысы кетіп қалған «Алтайда» қазір жастар ғана ойнап жүр. Ал түркістандық «Тұран» мен «Алматының» плей-офта қай жеңгені жартылай финалда «Қуанышпен» кездеседі.

Плей-офф бәсекесінде екі жеңіске жеткен команда жартылай финалға жолдама алады. Есеп 1:1 болса, қосымша үшінші матч ойналады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz