Елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» жобасы өткізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл алғаш рет «Ұлы дала дәмі» жобасы өтті. Оның аясында балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға, еңбек адамдары мен зиялы қауымға «Сыбаға» атты Наурыз қоржын тарту етілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы Наурыз мерекесіне жаңа мазмұн беріп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Оның бастамашысы – «Alatau Aqparat» медиахолдингі.

Негізгі мақсатымыз  – Әз-Наурызды әсіресе, балалар асыға күтетін басты мерекеге айналдыру. Ұлыстың ұлы күнін айрықша атап өтуде жаңа құндылықтар мен дәстүр қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Алматы облыстық №1 балалар үйіне ұлттық киім киген аса таяғы бар Қыдыр ата немересімен бірге атпен барды. Ол балаларға Наурыз батасын беріп, «Тарту» қоржындарын үлестірді. Балалар да өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушылар Қыдыр Атаның немересін – Бақ-бала (Бақ қарасын, Қыдыр дарысын) деп атауды жөн көрген.

izobrazhenie whatsapp 2024 03 14 v 15.46.17 4c3c476cizobrazhenie whatsapp 2024 03 14 v 15.46.16 1f57f606izobrazhenie whatsapp 2024 03 14 v 15.46.17 cdd07a72izobrazhenie whatsapp 2024 03 14 v 15.46.17 a0b0df16

Этнограф Болат Бопайұлының сөзінше, Наурызды жаңаша дәріптеуде балаларға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қыдыр атаның немересімен жүруі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық тәрбиенің мәнін көрсетеді. Қазақ ұғымында атасы ұл немерелерін, ал әжелер қыз немерелерін  тәрбиелеген. Сондықтан Қыдыр Ата мен Бақ-баланы Наурыздың балалар асыға күтетін басты кейіпкерлеріне айналдыру керек.

Ұлттық нақышта безендіріліп киіз үй пішінінде тігілген балаларға арналған «Тарту» қоржындарының ішіне Қазақстанның әр өңірінен жеткізілген (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік) дәмдер салынған. Олардың саны жетеу (киелі сан): шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, жент, бауырсақ, талқан, сондай-ақ рухани азық – кітап пен Алматының алмасы, Алтайдың балы, ұлттық кәдесыйлар мен ойыншықтар бар. Кітаптардың сыйлық құрамында болуы – жастарды білім-ғылымға шақырады.

Қоржындардағы табиғи әрі түрлі дәрумендерге бай ұлттық тағамдар балаларды салауатты тамақтануға бастайды. Сондай-ақ, жоба ұлттық тағам түрлері мен қолөнер бұйымдарын насихаттап, сала кәсіпкерлерін қолдауға жақсы мүмкіндік.

Наурызда жастар үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, құрмет көрсетіп батасын алған. Ұлттық жобаны ұйымдастырушылар да Асанәлі Әшімов, Асылы Осман, Төрегелді Шарманов пен Қарлығаш Әбдікәрімова сынды ел ағаларына, қоғам қайраткерлеріне сондай-ақ қарапайым еңбек адамдарына да сәлем бере барды. Оларға Наурыз қоржыны тарту етіліп, құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.

Үлкендерге берілген «Сыбаға» қоржынына жеті дәмнің сыртында жылы-жұмсақ: сүрленген қазы-қарта, жал-жая мен жамбас салынған.

Наурыз қоржын берілгендер арасында қарапайым көше сыпырушы,  «Алтын алқа» иегері мен ерекше баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана да болды.

Алғаш рет ұйымдастырылған ұлттық жобаның басты демеушілері: «Asiakoz» түрік көз клиникасы, «Ерке-Нұр», «Әдемі-Ай» мен «Адал Ас» сынды танымал компаниялар. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінен «Zhent_chocolate», «Aqtobe damderi», «Sharman», «Asatu», «Астана-Өнім» АҚ, «Мёд Восточный», «Айқан» ЖШС сынды ұлттық тағамдар, киімдер мен бұйымдар шығаратын компаниялар, сауда маркалары және «Steppe&World Publishing» баспа үйі атсалысып, демеушілік танытты. Қазақ тағамтану академиясы, Қазақ мемлекеттік Циркі мен ұлттық тағамтанушы Саяхат Әсімхан да жобаға өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушылар «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасын алдағы жылдары 14 наурыздан бастап айдың соңына дейін тұтас республика көлемінде өткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz