Тұрғындар жылжымалы флюорографтың қызметіне жүгіне алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде Дүниежүзілік түберкулезге қарсы күрес күніне байланысты айлық жүріп жатыр. Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары «Алтын арман» сауда орталығында флешмоб өткізіп, жадынама қағаздарын таратты. Орталық базарда қойылған жылжымалы флюорографтан 47 қала тұрғыны тексеріліп үлгерген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Наталья Суходубованың айтуынша, аталған шараға 20-ға жуық маман жұмылдырылған.

–Облыста туберкулез бойынша жағдай тұрақты. Өткен жылы сырқат көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 40,6 пайызды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға көп. Статистика санын азайту үшін осындай шаралардың маңызы зор деп ойлаймын, –дейді дәрігер.

Бүгінгі таңда қауіпті дертті жұқтыру жағдайлары мен одан болатын өлім-жітім саны азайса да, әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келе жатыр. Кеселдің бар-жоғын білу үшін уақытылы дәрігер қарауынан өтіп отырған жөн.
Арнайы құрылғының жанына халық көп жиналды. Жалпы өңірде өкпе ауруының алдын алу үшін мұндай шара жиі өткізіліп тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz