Оқушылар сарайында облыстық олимпиада өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Оқушылар сарайында колледждердің 1-2 курс студенттері мен 8-10 сыныптарда оқитын оқушылар арасында электротехника және электроника, физика пәндерінен облыстық олимпиада өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Олимпиадаға Петропавлдан бөлек, Уәлиханов, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мектептерінен 46 бала қатысты. Олар түрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімдерін университет, колледждер мен мектептер оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Осылайша физика пәнінен 8-шы сыныптарда оқитын оқушылар арасында бірінші орын «Бэст гимназиясы» КММ оқушысы Кирилл Свиридовқа бұйырса, екінші сатыға М.Айтхожин атындағы №1 орта мектептің тәрбиеленушісі Мария Сергеева жайғасты. Үздік үштікті аталмыш мектептің оқушысы Думан Исмағұлов қорытындылады.

Физикадан 9-сынып оқушылары арасында келесі жүлделі орындар:
1 орын – Алиса Колесник, Дарын мектеп-лицейі;
2 орын – Әлихан Жаров, ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты;
3 орын – Санжар Рамазанов, «Білім-инновация» лицей-интернаты.

Физика пәнінен 10-сынып:
1 орын – Әбілмансұр Назымбек, №1 Кішкенекөл орта мектебі, Уәлиханов ауданы;
2 орын – Адема Жақыпова, Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жамбыл ауданы;
3 орын – Данил Маланин, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі;

Электротехника және электроника:
1 орын – Иван Комар, гуманитарлық-техникалық колледжі;
2 орын – Александр Беккель, ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
3 орын – Егор Любых, Оқушылар сарайының тәрбиеленушісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz