Жартылай финалдағы бірінші кездесу «Қуаныш» клубының пайдасына шешілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында жүлделі орындар үшін бәсеке қыза түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қуаныш» командасы өткен жылы финалда Өскеменнің «Алтайына» жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Биыл «Алтай» ширек финалда «Қуанышқа» есе жібергендіктен, биыл жаңа чемпионның болатыны анық.

Чемпионаттағы жеңіс сериясын плей-офф кезеңінде де жалғастырған «Қуаныш» жартылай финалда алаң иелері — Түркістанның «Тұранына» қарсы келді. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын түркістандықтар біріншілік барысында екі рет тай-брейкте «Қуаныштан» ұтылған еді. Жартылай финалдық матч та аса тартысты өтіп, бес партияға созылды.

«Қуаныш» 3:2 (25:14, 17:25, 22:25, 25:22, 15:13) есебімен басым түсіп, чемпиондықтан үміткер екендігін дәлелдей түсті. Бүгін қос клуб екінші кездесуін өткізеді. Енді «Қуанышқа» бір жеңіс жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz