Наурыз мерекесіне орай «Жақсылыққа жаршы болған наурыз» ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма теарында әз-Наурыз мерекесіне орай балаларға арналған «Жақсылыққа жаршы болған наурыз» атты ойын-сауық  шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ойын-сауық шарасы аясында балаларға «Алпамыс батыр» жырының  желісі бойынша жазылған қойылым ұсынылды. Спектакльде кішкентай көрермендерге  жеті қазынаның мәні, асық ату, арқан тартыс, ақсүйек ойындарының тәртібі түсіндірілді. Ойын соңында Омай ана кейпіндегі актриса аластау дегеннің не екенін көрсетсе, Қыдыр ата балаларға  ақ батасын берді.

Жарты сағаттық қойылым балаларға қатты әсер етті.  Олар кейіпкерлер шынайы өмірде бардай қабылдап, жалмауыз кемпірдің пасық тірлігіне  жиіркене қарап,   тұтқынға түскен Гүлбаршынға аяушылық танытып, Алпамыс батырға қолдау  көрсеткен кезде   сезімдерін жасыра алмай қалды.

–Амал мерекесіне  орай  ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Қазіргі балалар «Өрмекші адам» сынды шетелдік кейіпкерлермен санасын улап, солардың кимін іздеп жүріп сатып алады. Оның орнына өз батырларымызға еліктеп, «тілім – тірегім, жерім – жүрегім» дейтін рухты жастар тәрбиеленсе деген мақсатпен осы шараны ұйымдастырдық, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров.

2e37b267 eabe 444f b0c7 0380943736a5 e1710479440652

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz