Наурыздың 22-сі күні ұлттық киім киген петропавлдықтар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы наурыздың 23-не дейін аталып өтіледі. Петропавлдың өзінде мереке орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше,15 наурыз — «Қайырымдылық» күніне орай облыс әкімінің атынан ауызашар асы беріледі. Волонтерлер, түрлі конфессия өкілдері тұрмысы төмен, зейнеткерлердің отбасыларын аралап, көмек көрсетеді.

16 наурыз — «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай орталық алаңда актерлердің қатысуымен арнайы іс-шара өтеді. Кітапханалар, білім беру мекемелері, музейлер ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, кездесулер ұйымдастырмақ.

17 наурыз — «Шаңырақ» күнінде С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында республикалық ақындар айтысын тамашалауға болады. Орталық алаңда «Супер-әже» байқауы өтеді.  Ал А.Винокуров спорт сарайында спорт сағаты ұйымдастырылады.

18 наурыз — «Ұлттық киім» күні «Достық мол» сауда үйінде ұлттық киім мен әшекейлердің көрме-жәрмеңкесі өтпек.

19 наурыз — «Жаңару» күніне де көптеген мерекелік іс-шара жоспарланған. Кешке қала тұрғындары мен қонақтары Ақан Сері атындағы облыстық филармонияда қазақ халық аспаптары оркестрінің «Наурыз-көктем» концертін тамашалай алады.

20 наурыз — «Ұлттық спорт» күні Жамбыл ауданы Пресновка елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек. Жаңа нысанда қазақ күресінен облыстық турнир, асық ату, тоғызқұмалақ және садақ атудан ашық турнир өтеді.

«Құлагер» ипподромында да қазақтың ұлттық спорт ойындарынан түрлі жарыс өтеді.

21 наурыз — «Ынтымақ» күні Петропавлдағы бас алаңда Наурыз мейрамы тойланады.

22 наурыз — «Жыл басы». Бұл күні негізгі мерекелік іс-шаралар бас алаңда ұйымдастырылмақ. «Бауырсақ-Fest-2024» жоспарланған. Ал бұл күні ұлттық киім кигендер қоғамдық көлікте тегін жүрмек.

23 наурыз — «Тазару» күні. Бұл күні бірқатар экологиялық іс-шаралар, сенбіліктер ұйымдастырылмақ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz