Акцизі жоқ спирттік ішімдіктерді сақтаған азамат айыппұл арқалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты гаражында үлкен мөлшерде акцизі жоқ спирттік ішімдіктерді сақтаған қала тұрғынына айыппұл салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жеке кәсіпкер   Петропавлдағы Интернационал көшесінде орналасқан гаражда «Пшеничная» деген  жапсырмасы бар 420 бөтелке арақ  және 47 шөлмек «Джек Даниэлс» вискиін  сақтаған. Акцизделуі тиіс алкоголь өнімінің сәйкестендіру құралдары және тіркеу-бақылау маркалары болмаған.

Сотта  қала тұрғыны 2014 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін, бірақ алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензия алмағанын айтты.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, 150 айлық есептік көрсеткіш – 554 мың теңге  мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Алкоголь өнімі тәркіленді. Тәркіленген спирттік ішімдік енді жойылуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz